Елорда маңындағы Қосшыға қала мәртебесі берілді

Елорда маңындағы Қосшыға қала мәртебесі берілді
Сурет: Yandex.kz

Бұл қаулыға Мемлекет басшысы қол қойған.

Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Республикасының Президенті "Әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес қаулы етті:

  1. Ақмола облысының Целиноград ауданы одан Қосшы ауылын бөлу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
  2. Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылсын.
  3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтың 1 және 2-тармақтарын іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
  4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.