Елорда күні жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды

Елорда күні жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды
Суреттерді түсірген Қ.Қоныспаев

Астана биыл 25 жасқа толды. Айтулы күнді барша қауым ерекше көңіл-күймен, үлкен қуанышпен атап өтті. Алматы қаласының  тұрғындары мен қонақтары бұл жолы да естен кетпес қызықтың куәсі болды.

Республика Сарайының жанындағы Абай алаңында эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Аталмыш іс-шараға 101 тобы, Парвиз Назаров, Кешью тобы, Үркер тобы, Айдана Меденова, Нұржан Керменбаев, Серік Ибрагимов және т.б. сынды әншілер өнер көрсетті. Аспаны әнге әуелеген Алматының кешкі көрінісі қала тұрғындарына қуаныш сыйлады. 

Апта ортасында  өткізілген мерекелік шаралар тұрғындарға бақыт-береке мен қуаныш сыйлады. Әнге бөлеген мереке одан әрі концерттік бағдарламаға ұласып, қала әншілері алаңға жиналған қауымға өз өнерін паш етті. Осымен Алматы қаласының жастары  түрлі спорттық сайыстарға белсене араласып, өз- өнерлерін ортаға салды