Елорда атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді

Елорда атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді
Сурет: Sputnik.kz

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті.

Елорда атауын өзгерту туралы ұсыныс Конституциялық заң жобасына енгізілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Мәжіліс депутаттарының ұсынысы Мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Н.Ә. Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт деп санайды. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс», - деп хабарлады баспасөз хатшысы.