Еліміздегі ең үздік медбике анықталды

Еліміздегі ең үздік медбике анықталды
Cурет: Almaty-akshamy.kz

Республикалық байқау эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимде өтті

Алматы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының қызметкері Маржан Атагелдиева 2021 жылдың ең үздік медбикесі болып танылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Республикалық байқаудың жүлдегері - Маржан Атагелдиева Талғар жоғары медициналық колледжін және Каспий қоғамдық университетін медбике мамандығы бойынша тәмамдаған.

Медицина саласында 19 жылдық тәжірибесі бар алматылық медбике Маржанның Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында жұмыс істеп жатқанына биыл 10 жыл.

«Республикалық байқау елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты онлайн режимінде өтті. Мен жеңіске әріптестерімнің үлкен қолдауының арқасында жеттім.Ұжымым маған көп көмектесті. Олар мені моральдық жағынан қолдады, мұндай қолдаудың берері көп», – дейді Маржан.

Медбикенің айтуынша, бұл байқау медицина саласында оның әрі қарай дамуына түрткі болды.