Елімізде алғаш рет автожолға жылу датчиктері орнатылды

Елімізде алғаш рет автожолға жылу датчиктері орнатылды

Сапалы жол

ҚазжолҒЗИ қызметкерлері Ақтоғай – Балқаш автомобиль жолының 415-ші шақырым учаскесіндегі жол конструкциясының су-жылу режиміне мониторинг жүргізетін датчик орнатты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл мониторинг жүйесі Қазақстанның жол желісінде алғаш рет қолданылады және арнайы құрастырылған.

Ол стационарлық бақылау нүктелерінде жол конструкциясының су-жылу режимі параметрлерін автоматты түрде жинауды жүзеге асырады және мониторинг орталығында деректерді шоғырландырады.

ҚазжолҒЗИ зертханасында датчиктердің әрбір жиынтығын орнату алдында оларды калибрлеу жүргізілді.

Калибрлеу жол төсемінің материалдары мен жер төсемінің топырақтарының әртүрлі түрлері үшін жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, эксперименттік учаскеде датчиктерді орнату кезінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пысықтау/байқаудан өткізу, сервермен қосылу, GPRS арналары бойынша мониторинг орталығына стационарлық бақылау нүктелерінің (ТҚК) деректерін беру үшін желіні күйге келтіруді жүргізу және т. б. талап етілетінін атап өту қажет.

Орнатылған датчиктер Қазақстанның әртүрлі климаттық жағдайлары кезінде жол конструкциясының су-жылу режиміне толық ауқымды зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Бұл климаттың өзгеруін ескере отырып, еліміздің түрлі өңірлерінде автомобиль жолдарын салу, реконструкция және жөндеу технологиясын түзетуге мүмкіндік береді.