Елімізге «комирнати» вакцинасының 500 мыңнан аса дозасы жеткізілді

Елімізге «комирнати» вакцинасының 500 мыңнан аса дозасы жеткізілді
сурет:5region.kz

Жаңа вакцина жақында еліміздің барлық өңіріне таратылады.

Елімізге Словакиядан коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан аса дозасы жеткізілді. Гуманитарлық жүк тиелген ұшақ түнде Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz

Өндірушінің мәліметінше, «Комирнати» екпесі бұрын коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған және 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ұсынылады. Екпе жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар. Жаңа вакцина жақында еліміздің барлық өңіріне таратылады.