Елімізге келетін еңбек мигранттарының дені қай мемлекеттен?

Елімізге келетін еңбек мигранттарының дені қай мемлекеттен? Сурет: Azattyq-ruhy.kz

1 шiлдедегi жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 14 762 шетелдік еңбек етеді.


 Бұл ақпаратты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Еңбек мигранттары келетін негізгі елдер:


- Қытай – 3 729 адам (25%);


- Өзбекстан – 1 967 адам (13%);


- Үндістан – 1 461 адам (10%);


- Түркия – 1 454 адам (10%).


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетел мамандарын тартуға биылға 22 260 квота бөлді.


Айта кетейік, елімізде мигранттар еңбегін заңды пайдаланатын 1 751 жұмыс беруші бар. Оларда 433,4 мыңнан астам Қазақстан азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96%.


Мигранттар ең көп еңбек ететін салалар:


- құрылыс саласы – 5 204 адам (35%);


- ауыл, орман және балық шаруашылығы – 1 895 адам (13%);


- тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу – 1 346 адам (9%);


- өңдеу өнеркәсібі – 1 128 адам (7%);


- кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 850 адам (6% ).


Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар:


- басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 537 рұқсат (бірінші санат):


- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 751 рұқсат (екінші санат).


Сырттан тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – сәйкесінше 6 598 және 833 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 940 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 2 103 адам тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42