Еліміздің төрт өңірінде алдағы күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал

Еліміздің төрт өңірінде алдағы күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал
Сурет: 24.kz

26-28 қыркүйек күндері Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Қарағанды облыстарында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласуы ықтимал. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде екпіні – 15-20, түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғуы ықтимал. Ақтау қаласында түнде 25 қыркүйекте найзағай болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан екпіні – 15-20, түнде кей уақытта 25 м/с.

Қызылорда облысында шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші – облыстың батысында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай болжанады. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Орал қаласында күндіз найзағай жарқылы ықтимал.

25-26 қыркүйекте Алматы облысының басым бөлігінде және Алматы қаласыныңмаңайында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында төтенші өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде найзағай болжанады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында екпіні – 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15 м/с.

Атырау облысының солтүстік-шығысында қатты жаңбыр, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында және орталығында екпіні – 15-20 м/с. Атырау қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қаласындада төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Петропавл қаласында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні – 15-20 м/с. Жоғары өрт қауптілігі сақталады.

26 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), облыстың солтүстігінде бұршақ болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, күндіз 5-10 градусқа дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді.

27 қыркүйекте Қостанай облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болжанады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні – 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді.

28 қыркүйекте Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың солтүстігінде 5 градус аязға дейін, күндіз 3-8 градус жылыға дейін күрт төмендеп, одан әрі төмендейді.

28 қыркүйекте Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 2-7 градус жылы, облыстың солтүстігінде 3 градус аязға дейін, күндіз 5-10 градус жылыға дейін төмендеп, одан әрі төмендейді.