Еліміздің телефон коды +77 болуы мүмкін

Еліміздің телефон коды +77 болуы мүмкін
Сурет: Maanimo

Қазақстанда телефон кодын өзгерту мәселесі қалай шешіліп жатыр?

Бағдат Мусиннің айтуынша, Қазақстанда телефон коды +7-ден +77-ге өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі АҚШ-қа сапары барысында Халықаралық электрбайланыс одағының (ITU) басшысымен кездесіп, Қазақстанның телефон кодын өзгерту мәселесін талқылағанын атап өтті.

"Қазіргі код +7. Мен АҚШ-та болғанымда ITU басшысы Дорин Богдан-Мартинамен кездестім. Онымен бұл мәселені талқыладық. +997-ге өту қиын емес. Бұл нөмірді бізге резервке қойды. Бірақ ITU-ге бізге +7 емес +77 қалдыруды ұсындым. Алайда ITU бір күнде шешім қабылдай алмайды, өйткені ол халықаралық ұйым және мұндай өтініштер бойынша кездесулер мен талқылаулар өткізуі керек. Бізге өзгерту туралы ұсынысты талқылауға уәде берді. Қазақстанда басқа елдермен бірге қолданылатын +7 емес, өзінің +77 коды болады деп үміттенеміз", - деді ол.