Еліміздің шекарасынан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Еліміздің шекарасынан заңсыз өтпек болған шетелдіктер  ұсталды
Сурет: El.kz

Бұл - ҰҚК Шекара қызметі таратқан ақпарат. 

Шекарашылар мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған 4 шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

4 ақпан күні ҰҚК Шекара қызметі Ақтөбе облысында мемлекеттік шекараны заңсыз өтті деген күдікпен 4 шетелдікті қолға түсірді.

"Олар 2023 жылғы қаңтарда Өзбекстаннан заңды негізде Қазақстанға келіп, әрі қарай жұмыс істеу мақсатымен Ресей Федерациясына өтуді жоспарлаған.  Алайда Ресейге кіруге шектеулері болғандықтан, тәуліктің қараңғы уақытында жасырынуға арналған костюмдерді киіп, өткізу бекеттерінен тыс жерден шекараны кесіп өтуге әрекеттенген", - делінген Шекара қызметі таратқан ақпаратта.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.