Еліміздің құтқарушылары мен дәрігерлері Түркияға баратын болды

Еліміздің құтқарушылары мен дәрігерлері Түркияға баратын болды
Сурет: Aikyn.kz

Бұған дейін қазақстандықтардың Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен зардап шекпегенін хабарлағанбыз.

СІМ мен ТЖМ түрік билігімен байланыс орнатты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияға шұғыл көмек көрсетуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Сыртқы істер министрлігі мен Төтенше жағдайлар министрлігі түрік билігімен байланыс орнатты. Жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер ұшады», – деп жазылған хабарламада.