Еліміздің кей өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің кей өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Мassaget.kz

Жел соғып, тұман түседі.

Үш облыстың аумағында 23 ақпанда боран, тұман және басқа да қолайсыз ауа райы болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

23 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының түнде шығысында, күндіз солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың оңтүсігінде тұман күтілуде. Оңтүстік-батыстан жел соғады, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавлда 23 ақпанда күндіз жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 23 ақпанда тұман күтілуде.

Оралда 23 ақпанда түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысы мен орталығында 23 ақпанда тұман күтілуде. Ақтөбеде 23 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.