Еліміздің кей қаласында бүгін метеожағдай қолайсыз болады

Еліміздің кей қаласында бүгін метеожағдай қолайсыз болады
Сурет: Kazgazeta.kz

Синоптиктер болжамындағы тізімде Алматы қаласы да бар.

"Қазгидромет" РМК 23 ақпанда еліміз қалаларында қалыптасатын ауа сапасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Синоптиктер болжамына сүйенсек, сәрсенбі күні қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Алматы, Ақтау, Атырау, Балқаш, Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында күтіледі.

Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы қалыпты деңгейде болады. Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.