Еліміздің қай өңірінде жол апаты жиі болады?

Еліміздің қай өңірінде жол апаты жиі болады?
Сурет: 24.kz

2021 жылғы 13 940 оқиғаның 1 859-ы өліммен аяқталған.

Бас прокуратураның мәлімдеуінше, өліммен аяқталатын жол апатының қай өңірде жиі болатыны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, 2021 жылы барлығы 13 940 жол апаты болып, соның салдарынан 2 270 адам, оның ішінде 200 бала қаза тапты, 18 096 адам жарақат алған.

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және әлеуметтік есеп комитетінің мәліметінше, 2021 жылы жол апатының басым бөлігі:

Алматы - 3230;

Алматы облысы - 2248;

Жамбыл облысы - 1290;

Шығыс Қазақстан облысы - 860.

Жол апатынан қаза болғандардың ең көп саны мына өңірде тіркелді:

Алматы облысы - 463;

Түркістан облысы - 319;

Жамбыл облысы - 222;

Қарағанды ​​облысы - 161;

Шығыс Қазақстан облысы - 146.

Пандемия және карантиндік шектеулер кезінде жол апаты аз болғанымен, өліммен аяқталатын жазатайым оқиғалардың саны жылдан-жылға айтарлықтай өскенін атап өткен жөн. 2019 жылы 16 614 жол апаты болды, оның 1 959-ы өліммен аяқталды. 2020 жылы қатаң карантиндік шектеулер кезінде 13 515 жол апаты тіркелсе, оның 1 700-інде жолаушылар ажал құшқан. 2021 жылғы 13 940 оқиғаның 1 859-ында жол-көлік оқиғасына қатысушылар қаза тапқан.