Еліміздің ірі қалаларында алтын құймаларды сыйға тарту сәнге айналып барады

Еліміздің ірі қалаларында алтын құймаларды сыйға тарту сәнге айналып барады
Cурет: Qazaqtv.com

Алтын құймалар сыйлау сәнге айналып барады. Сарапшылардың айтуынша, қазақстандықтар арсында осындай құнды тартулар жасау жиі көрініс таба бастаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық банк 2017 жылы екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері арқылы халыққа бағалы металл сату бағдарламасын іске қосты. Содан бері қазақстандықтар түрлі номиналдағы 75 мыңға жуық данасын сатып алған.

Ең жеңілінің салмағы 5, ал ең ауыры 100 грамды құраған. Негізінен мұндай құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырауда үлкен сұранысқа ие. Қаржыгерлер олардың өтімділігін қамтамасыз етудің басты факторы ретінде банктер мен айырбастау пунктерінің алтынды кері сатып алу мүмкіндігінің барында екенін айтады. Клиентке құйманың құны сол күні бірден өтеледі.