Еліміздің эпидахуалы жақсарды

Еліміздің эпидахуалы жақсарды
Сурет: Kapital.kz

Қазақстанның барлық өңірі қауіпсіздік белдеуінде тұр.

2022 жылғы 20 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

 «Қызыл» және «сары» аймақта ешбір өңір жоқ.

«Жасыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Түркістан облыстары орналасқан.