Еліміздің бірнеше өңірінде синтетикалық есірткі арнасының жолы кесілді - ҰҚК

Еліміздің бірнеше өңірінде синтетикалық есірткі арнасының жолы кесілді - ҰҚК
Cурет: ҰҚК

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткі арнасын жою үшін бірқатар операция өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Комитеттің мәліметінше, 23 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері Ақтөбе қаласының екі ҚР азаматын интернет арқылы психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен ұстады.

Процессуалдық іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан 1,7 кг-дан артық «мефедрон» және «α-PVP» психотроптық заттары алынды.
25 ақпанда есірткі тобының тағы екі қатысушысы ұсталды, олардан тінту кезінде 2,8 кг-дан артық синтетикалық есірткі алынды.

Сонымен қатар, 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысында Алматы қаласынан Өскемен қаласына есірткі тасымалдауға күдікті азамат ұсталды.
Тергеу іс-қимылдарында заңсыз айналымнан 1,2 кг психотроптық зат алынды.

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» алдын ала құны 114 млн теңгеден артық сомаға бағаланып отыр.
Осы фактілер жөнінде ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе және Өскемен қалаларында тергеу соты көрсетілген адамдарға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.