Еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болады

Еліміздің бірнеше өңірінде құрғақшылық болады
Сурет: Rosselhoscenter-kursk.ru

Кей өңірлерде жауын-шашын тапшылығы болады.

«Қазгидромет» синоптиктері шілде айында бірнеше өңірде құрғақшылық болатынын болжап отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мамандардың болжамына сәйкес, Ақмола облысының Қорғалжын ауданында, Ақтөбе облысының Әйтеке би және Хромтау аудандарында, Алматы облысының Алакөл ауданында, Қарағанды облысының Нұра және Қарқаралы аудандарында, Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында, Маңғыстау облысының Бейнеу және Маңғыстау аудандарында, Абай облысының Семей маңында және Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын тапшылығы күтіледі.

Сондай-ақ құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында да болады деп болжануда.

«Еліміздің қалған аумақтарында ылғалдану жағдайы нормаға жақын, ал Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында тіптен оңтайлы болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.