Еліміздің бірқатар өңірлерінде 2 градус үсік соғады

Еліміздің бірқатар өңірлерінде 2 градус үсік соғады
Сурет: Egemen.kz

Қазгидромет: Бірқатар өңірде ауа температурасы -2 градусқа төмендеп, үсік соғуы мүмкін.

Солтүстік антициклонның әсерінен елдің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, күн суытады. Тек оңтүстік пен шығыста найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Республика бойынша жел күшейеді, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғады, солтүстік аудандарда тұман түседі.