Еліміздің бірқатар өңірінде дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді

Еліміздің бірқатар өңірінде дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді
Сурет: Яндекс

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты.

Дағдарысқа қарсы жедел штабтың кезекті отырысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және көлік мәселелері қаралды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті.

Үкіметтің Telegram парақшасы мәлім еткендей, Денсаулық сақтау министрі А.Ғиният дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпарат берді.

«Қазір республиканың 8 өңірінде - Алматы қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Павлодар, Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарында 5 млрд теңгеден астам сомаға дәрілік заттарды тұрақтандыру қорлары жұмыс істейді», — деді А. Ғиният.

Қалған 9 өңір бойынша ірі көтерме дәріхана қоймаларында дәрілік заттар қоры жасалған. Ведомство басшысы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері ерекше бақылауда екенін хабарлады.