Еліміздің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды

Еліміздің бірқатар азаматы мемлекеттік наградалармен марапатталды
Сурет: 24.kz

Қостанай облысындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған үйлерді салуға қатысқан белсенді азаматтардың еңбегі бағаланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанның бірқатар азаматын мемлекеттік наргадамен марапаттау туралы Жарлығы шықты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

2022 жылғы 21 қараша

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы табиғи өрт кезінде зардап шеккендерге арналған тұрғын үйлерді салуға белсенді қатысқаны үшін наградталсын:

«Құрмет» орденімен

Ибраимов Дәулет Дулатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС байқаушы кеңесінің төрағасы;

Қарамакин Бауыржан Сәбитұлы – «СК КВS» ЖШС директоры;

Орымбаев Нұрлан Бахытжанұлы – «Рудныйсоколовстрой» АҚ бас директоры;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Владимирова Оксана Рашитовна – «Рудныйсоколовстрой» АҚ «Отделстрой» ҚБ аға прорабы;

Жақсалықов Олжабай Баймендіұлы – «БК-Строй» ЖШС тас қалаушысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Арыққұлов Ерболат Болатұлы – «Строй Элит Дом» ЖШС бригадирі;

Әбдіков Дархан Жәнібекұлы – «Алюминстрой» ЖШС директорының орынбасары;

Бекжанов Тайыр Ренатұлы – «Алия-Сервис» ЖШС филиалының директоры;

Бораш Әбдірахман Әбдіхалықұлы – «Парасат Строй Проект» ЖШС директоры;

Ким Сергей Романович – «БК-Стройпром» ЖШС директоры.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 19 қараша

№ 1076