Еліміздің бес өңірінде дауыс беру елорда уақытымен таңғы сегізде басталды

Еліміздің бес өңірінде дауыс беру елорда уақытымен таңғы сегізде басталды
Сурет: Otyrar.KZ

Оның себебі уақыт белдеуіне байланысты.

Елдің басым бөлігінде референдум учаскелері елорда уақытымен таңғы жетіде ашылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бес өңірде – Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы сағат 07.00-де, яғни елорда уақытымен таңғы сегізде басталады.

Республика бойынша барлығы 10 012 референдум учаскесі құрылды. Ал 52 шет мемлекетте 65 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

18 жасқа толған қазақстандықтар кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады. Азаматтардың өзімен бірге жеке куәлігі болуы керек. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жабылады.

«Таңғы 07.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 089 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сонымен қатар 10 шет мемлекетте Қазақстанның өкілдіктері жанынан 12 учаске ашылды. 36 учаскеде аумақтық комиссиялардың шешімімен дауыс беру жергілікті уақытпен таңғы 06.00-де басталды», - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.