Еліміздің бастауыш сыныптарын тегін тамақтандыру жоспарланған

Еліміздің бастауыш сыныптарын тегін тамақтандыру жоспарланған
Сурет: Turkystan.kz

Сапалы тамақпен қамтамасыз ету балалардың дамуы үшін маңызды.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда барлық бастауыш сыныптарын тегін тамақпен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оның сөзінше, сапалы тамақпен қамтамасыз ету балалардың дамуында үлкен маңызға ие.

«Алдағы уақытта балаларды тамақпен камтамасыз ету нормаларын қайта қарау, бастауыш сынып оқушыларын тегін бір реттік ыстық тамақпен қамтамасыз ету, асханаларда қолма-қол ақшасыз төлем жүйесін енгізу жоспарланып отыр», - деді Бейсембаев.