Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Сурет: Ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМКҚ бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Синоптиктердің Қазақстан аймақтарында 6 ақпанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжамы мынадай: Республикамыздың басым бөлігі әлі де, антициклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің ықпалында болады. Сондықтан тұрақсыз ауа райы сақталады, еліміздің солтүстік жартысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Ал, онтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде), желдің күшеюі, көктайғақ, тұман күтіледі», - деп жазды ведомстводан.