Еліміздің алтын қоры көбейді

Еліміздің алтын қоры көбейді
Сурет: Еgemen.kz

Наурызда қымбат металл қоры 3,9 тонна болған.

Қазақстанның алтын қоры 355 тоннадан асты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Дүниежүзілік Алтын кеңесінің мәліметі бойынша, наурыз айында елдің қымбат металл қоры 3,9 тоннаға толықты. Ал бір ай бұрын оның көлемі 351,7 тонна болатын.

Қазақстан елдер бөлінісінде 15-ші орында (Халықаралық валюта қоры мен Еуропалық орталық банкті есепке алмағанда) тұр.

Дәстүрлі түрде АҚШ (8,1 мың тонна), Германия (3,3 мың тонна), Италия (2,45 мың тонна), Франция (2,43 мың тонна) және Ресей (2,2 мың тонна) көшбасшы болып саналады.