Еліміздің әуе тасымалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Еліміздің әуе тасымалы штаттық режимде жұмыс істеп тұр Сурет: Kaz.inform.kz

30-31 желтоқсанға қараған түні Астана әуежайынан ұшақтардың ұшуы мен қонуы қайта жанданды.


Әуеайлақтағы ауа-райы тұрақталды, қазіргі уақытта әуе айлақ штаттық режимде жұмыс істеуде. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 



Құрамына ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің, Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Қазаэронавигацияның, әуежайдың және Қазақстан астанасына ұшуды жүзеге асыратын барлық авиакомпаниялардың басшылары мен жауапты қызметкерлері енген жедел штаб өз жұмысын жалғастыруда.


2023 жылғы 31 желтоқсанда елорда әуежайында 206 рейс (101 – ұшып келу , 105 - ұшу) орындау жоспарланған. Оның ішінде 39 рейс кешіктіріледі (25 – ұшып келетін, 14 - ұшатын) және 29 рейс тоқтатылды (13 – ұшып келетін, 16 - ұшатын).


Алматы қаласының әуежайы да штаттық режимде жұмыс істейді. Бүгін 31 желтоқсанда 181 рейске қызмет көрсету жоспарлануда (82 – ұшып келу, 99 - ұшу), 38 кешіктірілді (28 – ұшып келу, 10 - ұшу), 3 рейс тоқтатылды.


Ақтау қаласының әуежайында көру мүмкіндігі 350 м. 31.12.2023 ж. жоспар бойынша рейстердің жалпы саны 45 (26 – ұшып келу, 19- ұшу), 22 рейс кешіктіріледі (13 – ұшып келу, 9 - ұшу), 4 рейс тоқтатылды ( 2 – ұшып келу , 2 - ұшу).


Айта кетейік, 2023 жылғы 30 желтоқсанда Астана әуежайында ауа райы қолайсыз болды (екпіні 23 м/с дейін жел, нашар көріну, 100-150 метр, төмен қарлы боран соғып, қар жауды). Әуе кемелерін мұзға қарсы өңдеуді жүргізу мүмкін болмағандықтан және бос тұрақтардың болмауына байланысты Астана қаласының әуежайы рейстерді қабылдауға шектеу енгізді.


Рейстері кешіктірілген жолаушылары үшін қалыптасқан жағдайға байланысты мынадай шаралар қабылданды:


- авиакомпаниялар қонақ үйде 115 жолаушыны орналастырды (Air Astana-43, Fly Arystan-19, SCAT – 30, Qazaq Air-23);


- Астана қаласының әуежайында 5 бала және 2 ересек еріп жүруші орналастырылды;


Рейстері кешіктірілген жолаушылар үшін қолайлы жағдай қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әуежайы барлық ұшатын жолаушылар үшін:


- 3590 порция тамақ (ыстық тамақ және донерлер);


- Шай, кофе, су, шырын;


- балаларға арналған шырын мен шоколад;


- музыканттар мен аниматорлардың қатысуымен өтетін мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырды.


Air Astana әуекомпаниясы өз жолаушыларына әуежайда және әуе кемесінің бортында 3455 порция ыстық және жеңіл тамақ берді.


2-терминалдың D01, D02, DO5 және D06 шығу есігінде 4 үстел тамақ пен алкогольсіз сусын таратылды (ішкі рейстер).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:06

16:15

14:56

14:43

13:15

13:13

12:41

12:16

11:37

11:11

11:04

10:45

10:37

10:30

10:19

10:11

10:07

23:14

17:19

16:27

15:44

15:35

14:52

13:55

13:07