Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Еліміздің 6 қаласында ауа сапасы нашарлайды
Сурет: Turkystan.kz

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады

16 наурызда Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Петропавл және Теміртау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.