Еліміздің 3 қаласы ауылға айналуы мүмкін

Еліміздің 3 қаласы ауылға айналуы мүмкін
Сурет: Egemen.kz

Ақмола облысындағы Степняк қаласы мен Ақтөбе облысындағы Темір және Жем қалалары әкімшілік стастустарынан айырылып, ауылға айналуы мүмкін.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудың 2025 жылға дейінгі жарлығы жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Qazaqstan.tv мәліметінше, құжатта халық саны 10 мыңға жетпейтін қалалардың мәртебесін өзгерту шаралары кезең-кезеңімен іске асырылатыны жазылған. Ал бұл 3 әкімшілік орталықта 4 мыңдай ғана тұрғын бар. Сондай-ақ, Жарлықта халық саны 50 мыңнан асқан 17 ауылға керісінше қала мәртебесі берілетіні айтылған.