Еліміздің 14 өңірінде күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 14 өңірінде күн бұзылуына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Baribar.kz

Бірқатар аймақта шаңды дауыл көтеріліп, бұршақ жауады деп күтілуде

Ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

10 мамырда түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында 17-22, екпіні 25 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 10 мамырда күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Күндіз шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде жел қарқыны - 15-20 м/с, күндіз - 15-20, екпіні - 25 м/с.

10 мамырда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында екпіні 23-28 м/с, кей уақыттарда 30 м/с асады.

10 мамырда күндіз Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20, солтүстік-батысында екпіні 23-28 м/с, 30 м/с жетеді.

10-11 мамырда Іле Алатауы, Қырғыз Алатауы, Талас Алатауы мен Жетісу Алатауында нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады, дауыл тұрады, күн күркірейді. Солтүстік-шығыс желі, найзағай кезінде 15-20, 11 мамырда екпіні 25 м/с жетеді.

10 мамырда Атырау облысының шығысында қатты жаңбыр. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, шығысында екпіні - 15-20 м/с.

10 мамырда түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, күндіз шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі. Желдің бағыты шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

10 мамырда түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні - 23-28 м/с. Қостанай қаласында 10 мамырда оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с асады.

10 мамырда Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында, шығысында 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 10 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда, түнде 11 мамырда оңтүстік-шығысында, таулы аудандарда қатты жаңбыр күтіледі. 10-12 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, 10-12 мамырда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с, 10 мамырда екпіні 23 м/с жетеді.

10 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с.

Күндіз 10 мамырда Павлодар облысының басым бөлігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 мамырда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Кей уақытта күн күркірейді, дауыл тұрады, таулы аудандарда - бұршақ. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші - 17-22, тау асуларында - 25 м/с.

Шымкент қаласында 10 мамырда таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, дауыл турады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 17-22 м/с.

10 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысып соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні - 20 м/с.