Еліміздің 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 14 аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Inbusiness.kz

Бірқатар аймақта шаңды дауыл мен найзағай күтілуде

Ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

9 мамырда Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні - 15-20 м/с.

9 мамырда Қызылорда облысының солтүстігінде және батысында найзағай, дауыл, орталығында шаңды дауыл соғады. Шығыстан соққан жел батысқа ауысады, облыстың орталығында 15-20 сақталады.

Нұр-Сұлтанда күндіз 9 мамырда шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

9 мамырда Ақмола облысының батысында, оңтүстік-шығысында шаңды дауыл, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 мамырда күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні - 15-20 м/с.

9 мамырда Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде - 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде - 15-20, екпіні - 25 м/с.

9 мамырда Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде - 17-22, екпіні - 25 м/с.

9 мамырда Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, солтүстік-шығыстан 15-20 жел соғады, екпіні 25 м/с дейін күшейеді.

9 мамырда Солтүстік Қазақстан облысының батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 мамырда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында шығыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с.

9 мамырда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні - 15-20 м/с.

9 мамырда күннің соңында Түркістан облысының таулы, тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарда күші 15-20, екпіні - 25 м/с.

Шымкент қаласында 9 мамырда күннің соңында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 мамырда Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдап, бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 9 мамырда екпіні 25 м/с жетеді.