Елімізден мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар құрықталды

Елімізден мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдағандар құрықталды
Сурет: Еgemen.kz

ҚМА мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша 35 қылмыстық іс қозғады.

Жыл басынан бергі заңсыз айналымда құны 4 млрд теңге болатын 20 мың тонна мұнай өнімдер тасымалданған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысынан Қырғыз Республикасына экспорттамақ болған кезде ұсталған  5 теміржол цистернасы құжаттарда лак кетіретін еріткіш ретінде көрсетілгенмен, іс жүзінде АИ-92 маркалы бензин болған. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 миллион теңгені құрады.

Павлодар облысында «органикалық еріткіш» деген жалған атаумен Ресей Федерациясына экспорттамақ болған дизель отыны бар 4 теміржол цистернасы ұсталды. Сондай-ақ Павлодар облысында ЖШС директоры растайтын құжатсыз 660 тоннадан астам мазутты 76 млн теңгеге сатқан.

Бұған дейін 2021 жылы Атырау облысында екі компанияның директоры жалпы саны 6 мың тоннаға жуық дизель отынын сатып алып, оны 1,8 миллиард теңгеге заңсыз сатқан.

Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталуда.