Еліміздегі су айдынына дрондар арқылы мониторинг жасалады

Еліміздегі су айдынына дрондар арқылы мониторинг жасалады
Сурет: Djimsk.ru

Су тасқынының алдын алуға болады

Қазақстан мамандары су айдынына ғарыштық мониторинг жүргізудің жаңа мүмкіндіктеріне ие болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (ҚГС) қызметкерлері су айдындары түбінің биіктік деректерін алуға, олардың түбін картаға түсіруге мүмкіндік беретін цифрлық батиметриялық түсірілімді енгізуде», - деді Жерді қашықтан зондтау ғарыш жүйесі департаменті директорының орынбасары Берік Рахымжанов.

Белгілі болғандай, мекеме жаңа жабдық – қашықтан басқарылатын цифрлық дрон - Apache 3 ұшқышсыз гидрографиялық кешенін сатып алған. Бұл дронды ҚР Білім және ғылым министрлігі «Солтүстік, Орталық және Шығыс Қазақстанның ірі өзендері бассейнінде су тасқынын алдын алу алгоритмін әзірлей отырып, кешенді басқарудың ғылыми-қолданбалы негіздері» нысаналы қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде алды.

«Барлау жабдығының бұл түрі Қазақстанда алғаш рет қолданылуда және бұл тәсілді «дәл гидрология» деп атауға болады. Алынған мәліметтер шынайылық, нақтылық және ақпаратты жинаудың жоғары тиімділігімен ерекшеленеді», - деп атап өтті Б.Рахымжанов.