Еліміздегі музыка және көркемөнер мектептеріне қабылдау ережесі өзгерді

Еліміздегі музыка және көркемөнер мектептеріне қабылдау ережесі өзгерді
Сурет: 24.kz

Бұйрық 2022 жылғы 24 қыркүйекте күшіне енеді.

Оқуға түсу үшін құжаттар мемлекеттік корпорация арқылы тапсырылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 1 қыркүйектегі бұйрығымен «Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және оларға қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидасына өзгеріс енгізілді.

Сонымен балаларды музыка, өнер мектептері, көркемөнер мектептері мен көркем-эстетикалық бағыттағы мектептерді қоспағанда, оларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету үшін балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Оқуға түсу үшін құжаттар мемлекеттік корпорация арқылы тапсырылады.

Атап айтқанда, мыналарды ұсыну керек:

ата-анасының біреуінің (немесе басқа заңды өкілдерінің) өтініші;

баланың жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;

№ 027/у нысанындағы медициналық анықтама;

мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажет шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісім беру.

Балаларға қосымша білім беру ұйымында құжаттарды қабылдау құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап 30 минут ішінде жүзеге асады.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут, қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты да солай.

Бұл ретте балаларды музыка, өнер мектептерiн, көркемөнер мектептерiн және көркем-эстетикалық бағыттағы мектептердi қоспағанда, балаларға арналған қосымша бiлiм беру ұйымдарына қабылдау орын болған жағдайда жүзеге асатыны көрсетiледi.

Балалар музыка, балалар өнер мектептеріне, көркемөнер мектептеріне және көркемдік-эстетикалық бағыттағы мектептерге қабылдау әңгімелесу нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.

Әңгімелесу барысында педагог балалардың өнердің әр түрі (музыкалық, бейнелеу, хореографиялық, театрлық) саласындағы қабілеттерінің даму деңгейін анықтайды.