Еліміздегі министрлердің жалақысы қанша?

Еліміздегі министрлердің жалақысы қанша?
Сурет: Bugin.kz

Оларға жалақы еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты төленеді.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев министрлердің жалақысы туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Қаржы министрінің айтуынша, министрлердің жалақысы еңбек өтілі мен біліктілігіне байланысты.

«Бәрі еңбек өтіліне, біліктілігіне байланысты. 500-600 мың теңге ең аз деп ойлаймын. Ең жоғарысы еңбек өтіліне байланысты және 1,5-1,7 миллион теңгеге жетеді», - деді Ерұлан Жамаубаев.