«Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды

«Еліміздегі колледждердің ТОП-100 студенті» республикалық байқауы аяқталды Cурет: Qazaqstan.tv

Жүзден жүйрік атанғандарды Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов арнайы сертификаттармен марапаттап, алдағы кәсіби қызметтеріне табыс тіледі.


Бүгінде оқ бойы оза шапқан 100 студенттің жартысына жуығы еліміздің ірі кәсіпорындарына жұмысқа шақырту алған. Жеңімпаздарды қазақстандықтар 1-15 қараша аралығында өткен онлайн дауыс беру арқылы анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


«600 мыңға жуық еліміздің колледждерінде студенттер бар. Солардың бүгінгі күні ең үздік 100 студентін таңдап алып, қошемет көрсетіп, марапаттап жатырмыз. Әрине, қазіргі уақытта біздің экономикамыздың әрі қарай дамуы үшін, еліміздің әрі қарай дамуы үшін осы жұмысшы мамандықтарды дамытқан өте маңызды, сондықтан мұндай шаралар ерекше маңызға ие деп санаймын», - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов. 


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38

14:28

14:01

13:17