Еліміздегі ең биік ғимарат тағы да өртенді

Еліміздегі ең биік ғимарат тағы да өртенді Сурет: Inform.kz

Елордадағы "Абу Даби плаза" өртенді


10 наурызда сағат 14:57 минутта Өрт сөндіру қызметінің «101» пультіне Сығанақ көшесі, 60/5 мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Elorda.info-ға сілтеме жасап. 


Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минутта барған өрт сөндіру қызметкерлері ғимараттың 1-қабатында желдеткіш камерасы жанғанын анықтаған.


Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Өрт сөндірушілер барғанша, қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған. Өрт орнында 16 техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеген. Өрт 15:24 минутта сөндірілген.


Еске сала кетейік, бұл кешен алғаш рет өртеніп тұрған жоқ. Бұған дейін де бірнеше рет жалынға оранған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

20:38

19:41

19:05

18:50

18:08

17:47

17:40

17:24

15:50

15:40

15:38

15:18

14:48

14:39

14:15

14:11

14:08

14:03

13:46

13:33

13:25

13:13

12:47

12:40

12:31