Еліміздегі бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздегі бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Сурет: Inform.kz

Қазгидромет синоптиктері ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтанда 13 маусымда күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Ақмола облысының орталығында, солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, солтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста, облыс орталығында жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Қызылорда облысының солтүстігінде найзағай, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысып, күндіз солтүстікте және облыс орталығында секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

13 маусымда күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Түнде Ақтөбе облысының шығысында, орталығында, күндіз оңтүстігінде найзағай ойнайды. Түнде облыс орталығында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Қостанай облысының батысы мен шығысында найзағай, бұршақ болып, дауыл соғады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде жел екпіні 25 метр болады.

Түркістан облысының тауларында қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 15-20 метр болады. 13 маусымда Шымкентте күн күркірейді.

Таңертең және күндіз Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде найзағай болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында жел екпіні секундына 15-20 метр болады.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 метрге дейін жетеді.