Еліміздегі бес қылмыстың төртеуі жұмыссыздарға тиесілі

Еліміздегі бес қылмыстың төртеуі жұмыссыздарға тиесілі
Сурет: Аkt.sud.kz

Қазақстандық сарапшылар жыл басынан бері жасалған қылмыстар туралы ақпарат жариялады.

Жыл басынан бері жасалған 20 мыңға жуық қылмыстың 80%-ын жұмыссыздар жасағаны анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сарапшылардың мәліметінше, 2022 жылдың алғашқы төрт айында жасалған 20 мың қылмыстың 16 мыңы тұрақты жұмыс орны жоқ адамдарға тиесілі.

Қаңтар-сәуір айларында елімізде 20 мың адам қылмыстық құқықбұзушылық жасаған. Бұл былтырғымен салыстырғанда 1,9%-ға аз екен.