Еліміздегі әскери кафедралар қандай мамандықтарға дайындайды?

Еліміздегі әскери кафедралар қандай мамандықтарға дайындайды?
Сурет: Ineu.edu.kz

Бұл сұраққа ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жауап берді.

Министрдің айтуынша, заңгерлер, қаржыгерлер, дәрігерлер, музыканттар және басқалар сияқты әскери-есептік мамандықтар бар, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында оқуға запастағы офицерлер мен сержанттар бағдарламасы бойынша әскери-есептік мамандықтар бойынша әскери даярлыққа жыл сайынғы қабылдау үшін азаматтар санын айқындау ведомстволық бұйрық негізінде жүргізіледі. Жұмылдыру қажеттілігіне оның ішінде заңгерлер, қаржыгерлер, дәрігерлер, музыканттар және басқалар сияқты әскери-есептік мамандықтар кіреді», - деп жауап берді Руслан Жақсылықов депутаттық сауалға.

Министрдің айтуынша, ЖЖОКБҰ-да запастағы офицерлер мен сержанттарды даярлау жүйесі қазіргі заманғы даму кезеңінде қарулы күштердің, басқа да әскерлердің, әскери құралымдардың нақты жұмылдыру қажеттілігіне жауап береді.

Сонымен қатар келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Қарулы Күштерді стратегиялық өрістету үшін қажетті әскери оқытылған резервтің жеткілікті санын даярлауды және жинақтауды жүзеге асыруға;
  • анағұрлым қажетті әскери мамандықтар бойынша мамандарды даярлауда мүмкіндіктерді кеңейтуге;
  • офицерлер мен сержанттар құрамының әскери оқытылған резервін қажетті көлемде қамтамасыз етуге және қолдауға; 
  • ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары офицерлер құрамының алғашқы лауазымдарын қосымша жасақтау үшін резервті даярлауды жетілдіруге;
  • олардың өңірлік орналасуын ескере отырып, әскери кафедралардың бар әлеуетін тиімді пайдалану бейбіт және соғыс уақытында жасақтау мәселелерін ғана емес, әскери-патриоттық тәрбиелеу және жастарға теріс ақпараттық ықпал етуге қарсы іс-қимыл мәселелерін де шешуге мүмкіндік береді.