Елімізде жұмыссыз әйелдер көбейген

Елімізде жұмыссыз әйелдер көбейген
Сурет: Azattyq-ruhy.kz

Биылғы алғашқы тоқсанда жұмыссыздық  4,8 пайызға жетіпті.

Жұмыссыздық деңгейі бойынша ең жоғары көрсеткіш Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында тіркелген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Finprom.kz порталының мәліметінше, ең төменгі көрсеткіш Қарағанды және Ұлытау облыстарында байқалған.

"Қаладағы жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Жетісу облысында, сондай-ақ Абай және Жамбыл облыстарының қалаларында байқалды. Ал ауылдық жерлерде жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген. Одан кейінгі орында Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарының ауылдары тұр", – делінген хабарламада.