Елімізде жылына 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады

Елімізде жылына 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы болады
Сурет: Аutonews.ru

Жыл басынан бері 1,7 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Қазақстанда жылына 13 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтты.

“Соңғы 5 жылда апаттылықтың төмендеу динамикасы байқалып отыр. Биыл 1 700-ден астам жол-көлік оқиғасы орын алып, 200-ден астам адам қаза тапты, 2,5 мыңға жуық адам жараланды", - деді ол.