Елімізде жыл басынан бері 950 мың тоннаға жуық ет өндірілді

Елімізде  жыл басынан бері 950 мың тоннаға жуық ет өндірілді
Сурет: Aqmeshit-aptalygy.kz

Биыл қазақстандық фермерлер 948,5 мың тонна ет өндірді, бұның көлемі бір жыл бұрынғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда орта есеппен 0,5%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ең үлкен өсімді 4,8%-бен жылқы етінің өндірісі көрсеткен, бұл 114,1 мың тонна. Сондай-ақ құс еті 2,9% - ға өсіп, 239,6 мың тоннаны құрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Жыл басынан бері 400,1 мың тонна сиыр еті, 113,7 мың тонна қой еті, шамамен 61.2 мың тонна шошқа еті өндірілді.

«Ет экспорты биылғы қыркүйекке қарай 1 млн долларға 29,7 мың тонна көлеміне жетті. Экспорттың басым бөлігі сиыр етіне тиесілі - 13,5 мың тонна, сондай-ақ шетелге 6,7 мың тонна қой еті мен 9,5 мың тонна құс еті сатылды», - деп жазды ведомстводан.

Импортқа қатысты осындай кезеңде алыс және жақын шетелдерден барлық түрдегі 110 мың тонна ет импортталды. Импорттың басым бөлігі құс етіне тиесілі, елге шамамен 97,5 мың тонна әкелінді.