Елімізде жел және күн электр станциясы салынады

Елімізде жел және күн электр станциясы салынады
Сурет: Leally.ru

Жалпы қуаты 45 гигаватт.

Еліміздің батыс және орталық өңірлерінде неміс технологиясы негізінде күн және жел электр станциясы жобасы қолға алынбақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Бұл туралы мәлімдеген ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың айтуынша, бүгінде Саран қаласында немістің «Goldbeck Solar» атты фирманың қатысуымен Орталық Азиядағы ірі, қуаты 100 мегаваттық күн электр жобасы іске қосылды.

«Неміс капиталының қатысуымен 600-ден астам кәсіпорын табысты жұмыс істеп жатыр. Біздің елімізге неміс компанияларының қызығушылығы арта түсуде. Соңғы 15 жылда Германиядан Қазақстанға келіп түскен тікелей инвестициялар 5,3 млрд доллар құрады. Оның басым бөлігі (шамамен 80%) шикізаттық емес секторға, ауыл шаруашылығы, құрылыс, денсаулық сақтауға, көлік логистикасына бағытталды. Жақын арада «SVEVIND» Дрезден компаниясы батыс және орталық Қазақстанның даласында жалпы қуаты 45 гигаватт жел және күн электр станцияларын салу бойынша ірі жобаға кіріседі. Қазақстан - неміс кәсіпкерлері мен инвесторлары үшін жаңа мүмкіндіктер мекені, әлеуеті жоғары. Екіжақты инвестициялық ахуалды жетілдіре түсу арқылы ортақ жетістікте қол жеткізетінімізге сенімдімін», - деді Роман Василенко.