Елімізде ұшаққа найзағай түсті

Елімізде ұшаққа найзағай түсті
Cурет: Sputnik.kz

FlyArystan ұшағына найзағай түсті.

Әуе кемесі шұғыл түрде қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«19 мамыр күні сағат 13:05-тегі «Түркістан – Ыстанбұл» бағытындағы КС7425 рейсі ауа райы жағдайына, нақты айтқанда, оның алдындағы рейстегі әуе кемесіне жай түсуіне байланысты кешіктіріліп жатыр. Талаптарға сәйкес, жай түскеннен кейін әуе кемесіне инспекция жасау қажет», - деп мәлім етті авиакомпаниядан.

Түркістаннан ұшақ 19 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 17.00-де ұшып шығатыны жоспарланған.

FlyArystan компаниясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, рейстердің кешіктірілуі мен олардың орындалмауының алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қолға алынып жатыр.

«Алайда, кейде бақылауға жатпайтын жағдайлар болады. Аталған жағдайда рейстің кешіктірілуі авиакомпания кінәсінен орын алған жоқ және оның бақылауынан тыс болды», - деді компаниядан.