Елімізде үш айда 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық жасалған

Елімізде үш айда 4 мыңнан астам интернет-алаяқтық жасалған
Сурет: Еlorda.info

Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді.

Қазақстандықтар үш айда 3 миллиард теңгеге алданды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

"Алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда, ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Алаяқтар тауарға немесе қызметке төмен баға көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді", - деді Сүйінбай бүгінгі онлайн брифингте.

Алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым сақтық шарасын ұмытпау керек. Олар:

тексерілген жарнама сайттарын пайдалану;

тауарды алғаннан кейін төлем жасау;

тауардың бар екеніне көз жеткізу.

Ал сатушы басқа қалада болса, тауарды таныстар немесе туыстар арқылы жіберуді сұрауға болады.