Елімізде ВИЧ-пен ауыратындарға бала асырап алуға рұқсат берілуі мүмкін

Елімізде ВИЧ-пен ауыратындарға бала асырап алуға рұқсат берілуі мүмкін
сурет: Massaget.kz

Құжат 4 тамызға дейін қоғам талқысына шығарылды

Қазақстанда ВИЧ-пен ауыратын адамдарға бала асырап алуға рұқсат беру қарастырылып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан тиісті бұйрық жобасы да әзірленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

«Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесінен адамның жұқтырылған иммун тапшылығы синдромы (ЖИТС) және адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) алып тастау көзделген», - делінген «Ашық НҚА» порталына жарияланған құжатта.
Салыстырмалы кестеде көрсетілгендей, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 79-бабы 5-тармағына сәйкес, АИТВ инфекциясын жұқтырған қазақстандықтардың заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының басқа азаматтарымен тең дәрежеде бала асырап алуға құқығы бар.