Елімізде тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталады

Елімізде тұңғыш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталады
Сурет: Nasledie.ru

Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады.

Мәдениет және спорт министрлігі алғаш рет «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы табысталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Ұлттық әдеби сыйлық жеті номинация бойынша жарияланады.

Олар:

Үздік проза;

Үздік поэзия;

Үздік драматургия;

Үздік әдеби аударма;

Үздік балалар әдебиеті;

Үздік комикс;

Үздік кітап дизайны.

Конкурсқа отандық қаламгерлер қатыса алады.

Ал шығармалар 15 маусым мен 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.