Елімізде темекі бағасы қымбаттады

Елімізде темекі бағасы қымбаттады
Сурет: Elorda.info

Қазақстанда темекі бағасы жылына екі рет көтеріледі.

Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың 2023 жылғы 10 қаңтардағы бұйрығымен темекі өнімдеріне ең төменгі бөлшек сауда бағасы ұлғайтылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Мәселен, сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 темекінің, папиростардың, сигариллалардың және қыздырылатын темекі бұйымдардың ең төменгі бөлшек бағасы 650 теңге мөлшерінде белгіленген.

Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы 60 теңгеге өсті. Бұйрық 2023 жылғы 23 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

2022 жылдың екінші жартысында темекінің бөлшек саудадағы ең төменгі құны бір қорап үшін 590 теңгені құраған еді.