Елімізде сүт өнімдерінің бағасы өсті

Елімізде сүт өнімдерінің бағасы өсті
Сурет: Facebook.com

Сүт 28,3 пайызға, сүт консервілері 39,2 пайызға, ашытылған сүт өнімдері 29,2 пайызға қымбаттаған. 

Бағаның бұлай шарықтауы қазан айының қорытындысы бойынша байқалып отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Өңірлік тұрғыда сүт өнімдері бағасының өсуі Маңғыстау, Қарағанды, Шымкент облыстарында байқалды. 

Биылғы жылдың қаңтар-қазан айларында сүт өнімдерін өндіру 396 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда құндық мәнде 15,8 пайызға артық.

Сондай-ақ өңделген сұйық сүт пен кілегей өндірісі 6,2 пайызға, 472,5 мың тоннаға, сары май мен сыдырма – 9 пайызға, 20,9 мың тоннаға, сүт сыдырмалары – 26,6 пайызға, 4,7 мың тоннаға, ірімшік 2,5 пайызға, 30,5 мың тоннаға дейін, қоюландырылған сүт пен кілегей – 5,5 пайызға, 7 мың тоннаға дейін, йогурт – 3 пайызға, 191,7 мың тоннаға дейін, шұбат – 37,5 пайызға, 2,4 мың тоннаға дейін өсті.

Осы жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша, жергілікті кәсіпорындар өңделген сұйық сүт пен кілегейге сұранысты (ішкі нарықтағы сату плюс экспорт) 96 пайызға қамтамасыз етті. Осы кезеңде елімізде 373,4 мың тонна өнім өндірілсе, импорт – 15,6 мың тонна. Оның 10,1 мың тоннасы экспортқа шығарылса, қалған 378,8 мың тоннасы ішкі нарыққа сатылды.