Елімізде суды суық плазмамен тазалау технологиясы сынақтан өтеді

Елімізде суды суық плазмамен тазалау технологиясы сынақтан өтеді Сурет: 24.kz

Бұл әдіс тіршілік нәріндегі микропластик қалдықтары мен басқа да ластаушы заттарды бөліп алуға мүмкіндік береді.


Елімізде су тапшылығымен қатар ластануы да өзекті. Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің ғалымдары осы бағытта алғашқы тәжірибені жүргізуге дайын. Қазір мамандар құрамында кремнийі бар элементтерді тексеру үстінде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Өзге де бөлшектер анықталады. Бұл сіңіргіштер кейін суды соңғы тазалау кезеңінде пайдаланылады. Ал оған дейін ғалымдар электр разрядынан пайда болатын ұшқынның көмегімен су құйылған реакторда суық плазма ағынын жасайды. Ол көлемі 5 миллиметрден аспайтын микропластиктерді ыдыратады.



«Арнайы реакторда арнайы контейнер болады. Сол жерден су өткен кезде біз суық плазманы 300, 400 градус көлемінде қыздырылады. Яғни, осы микробөлшектерді нанобөлшектерге дейін ыдыратып, сол плазманың көмегімен ең соңында сол өткен суды жаңағы көміртекті сорбенттердің көмегімен сорбциялап аламыз. Ал былайғы жағдайда оны кез келген технология көмегімен сүзіп алу немесе басқаша жасау өте қиын», - дейді Сәтбаев университеті инженерлік бейінді зертханасының жетекшісі Сейітхан Азатұлы.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

23:08

22:54

22:42

20:45

20:38

20:24

19:58

19:38

18:50

18:41

18:25

18:07

17:53

17:41

17:28

17:10

17:09

16:34

16:25

16:18

16:09

16:07

15:22

14:48

14:38